Ссылки доступа

Ресей исмаилшылар жетекшісі Кәрім Аға Ханға қарсы санкция енгізді


Кәрім Аға Хан
Кәрім Аға Хан

19 тамызда Ресей әлемдегі исмаилшылар жетекшісі, Аға Хан қорының басшысы ханзада Кәрім Аға Ханға қарсы санция салды.

Аға Хан ғана емес, ұйымның төрт өкілі - Кристофер Эндрю, Мэтт Рид, Ализа Митха және Николас МакГрат Мәскеудің "қара тізіміне" ілікті. Олар Ресей аумағына кіре алмайды.

Аға Хан қорының Мәскеудегі өкілдігі 2022 жылғы сәуірде жабылған.

Ресейде бұл қор еңбек мигранттарына медициналық және психологиялық көмек көрсету, мигранттардың балаларын оқыту және әлеуметтік бейімдеу жұмыстарымен айналысқан. Владимир Путин Кәрім Аға Ханмен 2002 жылы кездескен. 2017 жылы Аға Хан Мәскеуге тағы шақыртылып, бұл жолы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жүздескен.

Қор Ресейде қайырымдылықпен айналысқанына қарамастан жабылып отыр.

Кәрім Аға Ханның Ресей билігінің шешіміне қатысты пікірі әзірге белгісіз.

19 тамызда Ресей СІМ "Ресеймен жауласқандарға" қарсы санкция енгізгенін жариялаған. Кремль осы әрекетін Лондонның "Ресейге қарсы агрессивті бағытына" жауап деп түсіндірген.

Ресейдің "қара тізімінде" Ұлыбританияның сегіз ұйымы кірген. Олар: Forward Strategy Limited, Institute for Statecraft, Media Diversity Institute, Toro Risk Solutions, Chatham House, Open Knowledge Foundation, Privacy International және Peace Child International.

XS
SM
MD
LG