Бішкек әкімдігі 20 тамызда хабарлағандай, "Тұлпар" және Өзбекстандағы жол кірені автоматты төлейтін оператор АТТО-мен әріптестік жасау туралы меморандумға қол қойды.
Оған сәйкес, таяу арада қырғызстандықтар Өзбекстанға баратын болса, қоғамдық көліктерінде "Тұлпар" картасымен жолақы төлей алады. Сол секілді Өзбекстанның АТТО картасын қолданатындар да Бішкектің қоғамдық көліктерінде жүре алады.
Бішкекте автобус және троллейбусқа жолақы "Тұлпар" картасы арқылы 17 сом, қолма-қол болса 20 сом төлейді.