Ақпаратқа сәйкес, сот Аминжон, Диловар және Исроил Исломовдорты, сонымен бірге Алишер Касимовты 22 қарашаға дейін қамауда қалдырды.
Сот отырысы тергеушілердің өтініші бойынша жабық өтті.
Тергеу мәліметіне сәйкес, Исломовтар теракт жасағандарға көлік сатса, Касимов оларға пәтерін берген.
"Крокус Сити Холлдағы" теракт бойынша жалпы 12 адам айыпталып жатыр. Олардың дені тәжік азаматтары.
Биыл 22 наурызда болған "Крокус Сити Холлдағы" теракті кезінде кем дегенде 144 адам қаза болды. Терактіге жауапкершілікті "Ислам мемлекет" террористік ұйымы алған.