Ссылки доступа

Түркияда тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына 5 млн сомнан көмек берілді


Түркияда тікұшақ апаты кезінде қайтыс болған екі қырғыз азаматының отбасына жалпы 10 млн сом өтемақы төледі. Бұл жөнінде Қырғызстанның еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркияның Мендерес ауданында қырғызстандықтар отырған тіұшақ апатқа ұшырады. Тікұшақ Измир қаласындағы орманды алқаптағы өртті сөндіуге қатысқан. Қайтыс болған қырғыз азаматтары "Транс Караван Кейджи" компаниясында жұмыс істеген.

Тікұшақта үш қырғыз және бір түрік азаматы болған. Қайтыс болған екі қырғызстандықтың бірі ұшқыш болған. Олар Түркияда келісім-шартпен жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG