Әлиев Ташкентте жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, Өзбекстан президенті екеуі Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысын өткізеді.
Саммитте екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту мәселелері сөз болады. Тараптар сауда айналымы, іскерлік байланыс, мәдени-гуманитарлық байланысты арттыру тақырыптарын талқылайды.
Президенттер екі елдің кәсіпкерлерімен бірлескен кездесу өткізіп, мәдени шараларға қатысады.