Ссылки доступа

"Айыл банк" "Сбер" тіркемесі арқылы ақша аударуды тоқтатты


"Айыл банк" коммерциялық банкі 22 тамыздан бастап Ресейдің "Сбер" тіркемесі арқылы ақша аударуды белгісіз мерзімге тоқтатқанын мәлімдеді.

Мекеме "Золотая Корона", "AstraSend" және "Юнистрим" ақша аудару жүйесі арқылы аударулар кәдімгі режимде істей беретінін мәлімдеді.

17 тамызда Мбанк ("Қырғызстан" банкі) мәлімдеме таратып, Ресей банктерімен ақша аудару қызметін уақытша тоқтатқанын жариялаған. Олардың арасында Ресейдің Сбербанк, Тинькофф және МТС банктері де бар.

20 тамызда “Керемет банк” та Ресейдің Сбербанк, МТС Банк, Тбанк (Тинькофф) банктарі және Ресейдің "НСПК" ұлттық төлем жүйесі операторы арқылы ақша аударуларды белгісіз мерзімге тоқтатқанын жариялаған.

24.kg басылымы 21 тамызда 16 банктің 13-і Ресейдің банктеріне ақша аударуға мүмкін емес екенін жазды. Жалпы Қырғызстанда қазір 23 коммерциялық банк жұмыс істейді. Олардың өлке бойынша 320 филиалы бар.

XS
SM
MD
LG