Ссылки доступа

Душанбеде гуштингири бойынша алғашқы әлем чемпионаты өтеді


Душанбеде тәжік ұлттық күресі — гуштингири бойынша алғашқы әлем чемпионаты өтеді. Бұл жөнінде елдің Гуштингири федерациясы мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, 30-31 тамыз күндері өтетін чемпионатқа 60 елден 200-ден астам спортшы қатысады. Күрес тоғыз салмақ категориясы (үшеуі қыз-келіншектер, алтауы ерлер) бойынша өтеді.

Чемпионаттың жалпы бәйге қоры 400 мың долларды құрайды. Бір салмақ категориясы бойынша жеңіске жеткендер 20 мың доллардан, екінші орын алғандар 10 мың доллардан және қол медалға ие болғандар 5 мың доллардан алады.

2022 жылы Швейцарияның Цюрих қаласында Халықаралық гуштингири федерациясы тіркеуден өтіп, ресми сертификат алған.

2023 жылы спорттың бұл түрі бойынша алғашқы ресми халықаралық күрес — Азия чемпионаты өткен.

XS
SM
MD
LG