Ссылки доступа

Тәжікстанда сиыр етінің бағасы қымбаттап кетті


БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы Тәжікстанда ет қымбаттағанын анықтады.

Халықаралық ұйымның хабарлауынша, сиыр еті кейінгі бір айда 13 пайызға қымбаттаған. Қазір тәжік базарларында сиыр етінің бір келісі 85-90 сомониден сатылып жатыр. Былтырғы бағамен салыстырғанда еттің осы түрі 27 пайызға қымбаттаған.

Душанбе тұрғындары ет дүкендері мен ет жаймаларында сиыр еті 90 сомониден сатылып жатқанын айтты. Бағаның не себепті күрт өскенін ешкім білмейді. Сиыр еті шілде айында қымбаттай бастаған. Осы тақырып тәжік шенеуніктерінің баспасөз конференцияларында да жиі қозғалған.

Монополиямен күрес қызметінің бірінші орынбасары Сафарәли Құрбонзода ет бағасының қымбаттауын ірі қара азайып кеткенімен түсіндірген.

Алайда ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы елде ірі қара азайды дегенді жоққа шығарып, еттің қымбаттауын жем-шөп бағасының көтерілуімен байланыстырған.

XS
SM
MD
LG