Ссылки доступа

Берлиндегі қырғыз елшілігі: Германияда қамалған 15 жастағы жасөспірімге қатысты ақпарат анықталып жатыр


Қырғызстанның Германиядағы елшілігі Золинген қаласындағы шабуылға байланысты 15 жастағы қырғыз азаматының қамалғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді.

"Қаза тапқандар және зардап шеккендер арасында қырғыз азаматтары жоқ. Қамалған 15 жастағы жасөспірім қырғыз азаматы болуы мүмкін деген ақпарат қазір анықталып жатыр", - делінген елшіліктің Фейсбук парақшасында.

23 тамызда Золинген қаласының 650 жылдық мерекесіне арналған фестиваль қатысушыларына белгісіз адам пышақпен шабуыл жасаған. Үш адам қайтыс болып, сегіз адам жарақат алған. Bild басылымы шабуыл жасаған адам ізін жасырып үлгергенін жазады.

Сенбі күні неміс полициясы Золинген қаласындағы оқиғаға байланысты 15 жастағы баланы қамады.

Spiegel басылымы ұсталған баланың қырғыз азаматы екенін жазған.

XS
SM
MD
LG