Ссылки доступа

Өзбекстан Ресейде қараусыз қалған отыздан аса баланы елге қайтарды


Ресейде түрлі себептерге байланысты ата-ана қамқорынсыз қалған тоғыз бала 25 тамызда Өзбекстанға оралды. Бұл туралы балалар омбудсменінің баспасөз қызметі хабарлады.

Омбудмен мәліметінше, осының алдында Ресейден 22 бала Өзбекстанға алдырылған.

Балалар омбудсмені Сурайё Рахмонова осы іске көмектескені үшін Ресейдегі әріптестеріне алғыс айтты.

Бұған дейін Өзбекстан балалар омбудсмені Ресейдің Новосібір қаласынан қараусыз қалған сегіз баланы елге қайтарғанын хабарлаған. Өзбекстан билігі ол балалардың не себепті ата-ана қаморлығынан айрылғанын түсіндірмеді.

XS
SM
MD
LG