Сот мәліметі бойынша, спортшыны қамауға алу жөнінде өтінішті арнайы қызмет берген.
Ол "денсаулыққа аса ауыр емес залал келтіру" бабы бойынша айыпталып жатыр.
Қырғыз футбол бірлестігі Мирбек Ахматалиевті футболға қатысы бар барлық қызметпен шұғылдануға бес жылға дейін шеттеткенін 26 тамызда жариялаған.
Оған биыл 15 тамызда Бішкектегі "Сельмаш" стадионында команданың жаттығуы кезінде "Мурас Юнайтед" клубының ойыншысы Евгений Терсимен төбелескені негіз болған. Төбелесу кезінде клубтың шетелдік ойыншысы Евгений Терсидің жағы сынған. Бұл оқиғадан кейін клуб Мирбек Ахматалиевпен жұмыс келісімін тоқтатқан.
Оқиғадан кейін клубтың жаттықтырушылар штабы мен спорт директоры қызметінен алынды.
Жалал-Абад қаласының "Мурас Юнайтед" клубы 2023 жылы құрылған.