Құжат 22 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға сапары барсында қабылданды. Бұл туралы "Қазатомпромның" баспасөз қызметі хабарлады.
Меморандум екі елдің тау-кен өндірісінде стратегиялық әріптес болуын қарастырады.
Жақында "Тәжік сирек металдар" компаниясының өкілдері Қазақстанға келіп, "Қазатомпром" өндірістерімен танысады.
"Қазатомпром" - уран өндірумен айналысатын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. 2023 жылы компания әлемде өндірілген уранның шамамен 20 пайызын шығарған. Оған 26 кеніш, 14 бірлескен кәсіпорын қарайды.
"Тәжік сирек металдар" - мемлекеттік кәсіпорын. Оған зиянды қалдықтар қоймалары мен Тәжікстандағы уран кеніштері қарайды.