Ссылки доступа

Қырғызстанда БАҚ және әлеуметтік желідегі жалған ақпарат үшін айыппұл салуды ұсынды


Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Құқық бұзушылық жөніндегі кодекске БАҚ және әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салуды көздейтін өзгерістер енгізуді ұсынады.

Тиісті заң жобасы 27 тамызда қоғамдық талқыға шығарылды.

Құжатқа сәйкес, аталған кодекстің 1093 бабына өзгерістер енгізіп, БАҚ және әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқандарға жеке тұлға үшін 100 мың сом, заңды тұлға үшін 200 мың сом айыппұл салуды көздейді.

Онда бұл өзгерістер интернет-контентті қолданушылардың сыни көзқарасын қалыптастыруға және ақпарат берушілердің жауапкершілігін арттыруға себеп болады деп есептейді.

Осының алдында мәдениет министрлігі БАҚ арқылы жала және балағат үшін айыппұл салуды ұсынған.

XS
SM
MD
LG