"Өзбекстандағы ауған авиациялық техникасы бойынша қандай келісімдер болмасын біз үшін қабылдануы керек", - деп жазылған Ауғанстан Ислам Эмиратының Ұлттық қорғаныс министрлігінің Х желісіндегі парақшасында.
"АҚШ-тың Ауғанстанға тиесілі мүлікті басқа елдерге беруге құқығы жоқ" делінген онда.
АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Жонатан Хеник 2021 жылы тамызда "Талибан" Кабулды басып алғаннан кейін Ауғанстаннан Өзбекстанға ұшып келген әскери ұшақтар мен тікұшақтардың тағдыры бойынша келісімге келгенін білдірді.
Ауған басылымдарының мәліметі бойынша, 2021 жылдың тамызында тәліптер билікке келгенге дейін Ауғанстанда 164 соғыс ұшағы болса, қазір олардың саны – 81. Үш жыл бұрын ауған ұшқыштары тікұшақтармен Өзбекстан және Тәжікстанға шығып кеткен.