Ссылки доступа

Қырғызстанда екі жасқа дейінгі балаларға екпе салу көрсеткіші азайған


Қырғызстанның екі жасқа дейінгі балалардың 40,7% ғана барлық тиісті екпені алған. Балаларға екпе салдырғандардың саны 2018 жылдан бері 36% қысқарған.

Бұл туралы Ұлттық статистика комитетінің 27 тамыздағы мәліметінде айтылады. Оған сәйкес, үш жасқа дейінгі әрбір бес баланың төртеуі екпе алған.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы 22 мың адам екпе алудан бас тартқанын мәлімдеген. Былтырдан бері қызылша күш алып, екі жылда тоғыз бала шетінеп қалды. Екпеден бас тартқандардың дені мұндай шешімге діни түсініктен барғанын айтқан.

Министрлік дін өкілдерінен көмек сұрап, тиісті заңдарға өзгерістер де енгізілген.

2018 жылдың 11 айында жеті мың адам екпеден бас тартқан. 2023 жылы бұл көрсеткіш 22 мыңға жеткен.

XS
SM
MD
LG