Ссылки доступа

Ошта 15 жастағы қызды жыныстық құлдыққа салды деген күдікпен екі әйел ұсталды


Қырғызстанның Ош облысында 15 жастағы қызды жыныстық құлдыққа жекті деген күдікпен екі әйел ұсталды. Бұл туралы Азаттыққа жәбірленуші қыздың мүддесін қорғаушы адвокат Жахангир Сайфуллаев хабарлады.

Қырғызстанның омбудсмен институты 15 жастағы қыздың жыныстық құлдыққа түсіп қалғанын 27 тамызда хабарлаған. Адвокат Сайфуллаевтың айтуынша, кәмелет жасқа толмаған қыз бір айдан аса уақыт құлдықта болған. Оны еркінен тыс ұстағандар қайта-қайта жазалап, ол әрекетін видеоға түсіріп алып отырған.

Қырғызстан омбудсмені Жәмила Жаманбаева құқық қорғау органдарынан адам саудалау қылмысының құрбанын қорғауды талап еткен. Омбудсмен осы қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрі жазалануы тиіс деп мәлімдеді.

Кейін ішкі істер министрлігі осы іске қатысты 1997 жылы туған бір ер азамат ұсталғанын, оған 2003 жылы туған қызды зорлады, ұрды деген айып тағылғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG