Ссылки доступа

Қазақстан Өзбекстан арқылы Тәжікстаннан электр энергиясын алуды көздейді


Қазақстан Өзбекстанның энергетикалық инфраструктурасы арқылы Тәжікстаннан электр энергиясын импорттауды жоспарлап жатыр. Бұл жөнінде Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Газета.уз" басылымының мәліметіне қарағанда, Қазақстан 2032 жылға дейін Рогун ГЭС-нен электр энергиясын алу бойынша Тәжікстанмен 2023 жылы меморандумға қол қойған.

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Тәжікстанның премьер-министрінің орынбасары Усмонали Усмонзода және энергетика министрінің орынбасары Манучехр Сафарзодамен келіссөз жүргізіп, электр энергиясын Қазақстанға жеткізудің коммерциялық шарттарын және техникалық жақтарын қарастыруды мақұлдады.

Биыл қаңтарда Сәтқалиев 2023 жылы Қазақстанда электр энергиясы қажеттілігі 112,9 кВт/сағаттан 115 млрд кВт/сағатқа дейін көбейгенін, қазір 112,8 млрд кВт/сағат болып жатқанын мәлімдеген. Қазақстан жетіспеген энергияны Ресейден алады. Осыған дейін "Курсив" басылымы Ресейдің "Интер РАО" компаниясы 2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстанға 1,6 млрд кВт/сағат электр энергиясын экспорттағанын жазған.

3 600 мегаваттық Рогун ГЭС-нің құрылысы аяқталса, ол Орталық Азиядағы ең ірі гидроэлектрстанция болмақ. Тәжікстан электр энергиясын өндіруді екі есеге көбейтеді.

XS
SM
MD
LG