Ссылки доступа

Германия: Золингендегі шабуыл бойынша қамалған қырғыз жасөспірімі босатылды


Германияның Золинген қаласында 23 тамызда шабуылдан кейін қамалған қырғызстандық жасөспірім босатылған. Бұл жөнінде Қырғызстанның Берлиндегі елшілігі хабарлады.

Онда 15 жастағы қырғыз азаматының 24 тамызда ұсталып, келесі күні босатылғаны айтылған.

23 тамызда Золинген қаласында өтіп жатқан фестиваль кезінде белгісіз адам жиналғандарға суық қарумен шабуыл жасаған. Үш адам қаза болып, сегізі жараланды. Күдікті ретінде 26 жастағы сириялық босқын ұсталған. Ол Германияға 2022 жылдың соңында келген.

XS
SM
MD
LG