Ссылки доступа

Мәскеуде ОМОН қызметкерлері мигранттар тұратын жатақхананы күйретті


28 тамызда Мәскеу орталығынан қашық емес жатақханаға ОМОН күштері еш рұқсатсыз басып кіріп, бірден бәрін талқандаған.

Куәгердің Озоди радиосына берген сұқбатына қарағанда, оқиға жұмыс уақытында болған. Онда Тәжікстан және Өзбекстаннан барған 600-ге тарта мигрант тұрады.

"Олардың құжаттарының бәрі дұрыс болған. Көбі бұл уақытта жұмыста еді. Қазір олардың құжаттары қираған ғимараттың астында, ал өздері далада қалып қойды", - деді куәгер.

Олардың көбі қыркүйек айына орындарын төлеп қойған.

Соңғы алты айда Ресейден Тәжікстанға 17 мың мигрант қайтарылған.

XS
SM
MD
LG