Ссылки доступа

Армения ҰҚШҰ-мен әріптестікті тоқтатты


Никол Пашинян
Никол Пашинян

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ресми Ереван Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) барлық құрылымымен әріптестікті тоқтатқанын білдіріп, "әзірге бұл шешім жеткілікті" екенін айтты.

Бірақ Армения аталған ұйымнан толық қашан шығатын мерзімді айтпады.

Бұл жөнінде Deutsche Welle (DW) басылымының орыс қызметі және News.am ақпарат агенттігі хабарлады.

Никол Пашинян биыл 12 маусымда Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығатынын жариялаған. Ол Әзербайжан Таулы Қарабақты бақылауына алған кезде және екі ел ортасында шекара келіссөзі күрделі болып жатқанда, ҰҚШҰ-дан қолдау көре алмағанын бірнеше рет айтқан.

1992 жылы негізін құрған ұйымға алты ел мүше. Олар – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей.

XS
SM
MD
LG