Ссылки доступа

Өзбекстандағы шахтада көмірсутек ауаға тарады. Жергілікті тұрғындар көшірілді


"Тәуелсіздікке 25 жыл" кеніне орнатылған бұрғы. minenergy.uz жариялаған сурет
"Тәуелсіздікке 25 жыл" кеніне орнатылған бұрғы. minenergy.uz жариялаған сурет

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Байсын ауданында бұрғылау жұмыстары кезінде апат болып, көмірсутек ауаға тарады. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, оқиға 1 қыркүйекте "Тәуелсіздікке 25 жыл" шақтасындағы №604 бұрғыда болған.

"Шахтаға жақын маңда тұратын азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жағдай бақылауға алынды" деп хабарлады министрлік.

Сұрқандария облыстық әкімдігінің хабарлауынша, ауданға өңір басшысы Ұлықбек Қосимов барды.

Қазір ауаның қаншалықты ластанғаны тексеріліп жатыр.

Көмірсутек ауаға көп тараған уақытта адамның басы айналып, жүрегі айниды. Өліп те кетуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG