Душанбедегі мектептердің бірінде сөйлеген президент "бір ғана Газа секторында бір жылда 45 мыңнан астам адам өлтірілді, олардың 17 мыңнан астамы - бала" деп мәлімдеді.
"Исламофоя мен мұсылмандарды жеккөру күшейіп, діндер арасында жанжалдың өршуі адамзат баласын қатты алаңдатып отыр" дейді Рахмон.
Газа секторында қазір жүріп жатқан соғыс былтыр 7 қазанда ХАМАС қарулы тобының Израильге шабуылдап, көптеген адамды кепілге алуынан басталды. Израиль әскерлері секторда әскери операция ұйымдастырды. Палестинадағы дереккөздердің мәліметінше, ондаған мың адам қаза болған. Израильде бір мыңнан астам адам көз жұмған.
Рахмон бұның алдында Тәжікстан Палестина мемлекетінің құрылуын қолдайтынын, Газадағы бейбіт халықтың қырылғанын қаламайтынын, жанжалдасушы тараптардың бітімге келуін құптайтынын мәлімдеген.