Ссылки доступа

Тәжікстан президенті мұғалім мәртебесі туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды

Тәжікстан президенті Душанбеде оқу орындарында және мектептерде жұмыс істейтін қызметкерлермен кездесу кезінде мұғалім мәртебесі туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды.

Ол жаңа оқу жылы басталған кезде сөйлеген сөзінде, елде мұғалімдердің мәртебесі түсіп бара жатқанына алаңдайтынын білдірді. Осының алдында елдің білім министрі елде 2600 мұғалім жетіспейді деген.

Эмомали Рахмон "егер мұғалім болмаса, осында отырған министрлер мен шенеуніктер де болмас еді" деді.

Ол мұғалімдер мен оқытушылардың мамандығын көтеруге мән беріп, жалақысын көтеруді де сөз етті. Ол мұны арнайы заңмен бекіту керек екенін айтты.

Ол елде білім саласында инвестиция да өсіп жатқанын жеткізді. "Егер 2000 жылы білім саласына 42 миллион сомони бөлінсе, 2024 жылы 8 млрд 231 миллион сомониға өсті" деді.

Ол сонымен бірге мектепте ата-аналардан ақша жинау мәселесін сынға алды.

Тәжікстанда 4 мыңнан астам мектеп бар. Оқушылар саны - 2 миллион 280 мың.

XS
SM
MD
LG