Ссылки доступа

Сұрхандарияда күкірсутегінің ауаға тарауына байланысты жедел штаб құрылды


Сұрхандария облысында күкіртсутегінің ауаға тарап кетуіне байланысты оперативті штаб құрылды. Бұл жөнінде Өзбекстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 қыркүйекте Сұрхандария облысы Байсун ауданында скважинадағы бұрғылау істерінде технологиялық процесстің бұзылуы салдарынан ауаға күкіртсутегі тарап кеткен. Оқиға "Егемендіктің 25 жылдығы" шахтасында болған.

Gazeta.uz басылымы зауыттың екі жұмысшысы ауруханаға жатқызылғанын жазды.

Кенге жақын тұратын азаматтар қауіпсіз аймаққа көшірілген.

XS
SM
MD
LG