Нусратулло мен Хокимжон Құрбоновтарға алаяқтық жасады, жалған құжат дайындады, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыптар тағылған. Құрбоновтың туыстары шығынды өтеуге дайын екенін мәлімдеп отыр.
Тергеу барысында анықталғандай, Душанбеде көп қабатты үйдің құрылысы кезінде ағайынды Құрбоновтар бір пәтерді екі адамға сатқан. Күдіктілер қате кеткенін айтып отыр.
Бұл уақытта "Мұхаммад 2009" компаниясына ақша құйғандар ағайынды Құрбоновтар сотталып, олар салған қаражатты ешкім қайтармай қояды деп сескенеді. Олар жаңа пәтер беруді немесе ақшаны қайтаруды талап етіп отыр.
60 жастағы Рано Гадоева ескі үйін сатып, 37 мың долларды жаңа пәтерге құйған. Алайда әлі күнге дейін оған жете алмай жүр.
Компания әрекетінен 450 адам зардап шеккен.