Ссылки доступа

Садыр Жапаров қуғындалған қырғыздарды ақтау туралы заң жобасын кері қайтарды


"Ата-Бейіт" мемориалы
"Ата-Бейіт" мемориалы

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1918-1953 жылдары қуғындалған азаматтарды ақтауды көздейтін заң жобасын Жогорку Кеңешке қайтарды. Бұл туралы парламент сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысының құжатты қабылдамау себебі көрсетілген қағазда заң жобасының түсіндірмесінде қосымша қаражат қарастырылмайды деп жазылғаны айтылған. Алайда заң жобасы қуғын-сүргіннен зардап шеккендерге өтемақы беруді қарастырады.

Бұған қоса, қаржы министрлігі комиссия жұмысына, зерттеулерге, ақталған азаматтардың туыстарына өтемақы төлеу керектігін, осының бәріне "қомақты қаржы" кететінін ескерткен.

"18 азамат қуғындалған. Олардың бәрін ақтар болсақ, олардың туыстарына мемлекет жыл сайын 345,8 млн сом төлеп отыруы керек" деп жазылған президенттің жауабында.

Қаржы министрлігі 2024-2026 жылдардағы бюджетте мұндай шығын қарастырылмағанын айтып отыр.

Жогорку Кеңеш депутаттары заң жобасын биыл маусым айының аяғында үшінші оқылымда қабылдаған.

Мәліметтерге қарағанда, әсіресе 1937-1938 жылдардағы репрессия кезінде Қырғызстанда 20-40 мың адам атылған.

XS
SM
MD
LG