Іс материалдарының мәліметінше, Самарқанд мемлекеттік университетін 1979 жылы бітірген Э. Хасанов деген азамат СССР-ді қалпына келтіру жөнінде мәселе көтерген.
Тергеу мәліметінше, Хасанов YouTube каналы арқылы Алексей Иванович деген азаматпен танысып, 2023 жылдың 3 қаңтарында Мәскеуге барады. Онда Совет одағын қалпына келтіруді көздейтін адамдармен кездеседі. Осыдан кейін ол әлеуметтік желі арқылы Өзбек СССР-і болуы керек деген идеяны насихаттай бастайды.
Айыпталушы өзіне тағылған айыптарды мойындамады.