Астанада 2-3 қыркүйекте өткен Азия-Тынық Мұхит цифрлык инклюзия және трансформация жөніндегі халықаралық конференция барысында екі елдің министрлері Жаслан Мәдиев пен Шерзод Шерматов жасанды ғарыш спутниктерін бірлесіп ұшыруға келісті. Жасанды жер серіктері 2024 жылдың аяғына қарай дайын болады.
Тараптар бір топ жасанды спутниктерді ғарышқа ұшыру, ұсыныстар дайындау мәселелерінде әріптес болуға келісті.
Бұған қоса, министрліктер цифрлық инновациялар енгізу мәселесінде пікірін алмасып отырады.
2022 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану, зерттеу бойынша Қазақстанмен әріптес болу туралы үкіметаралық келісімді бекітті. Одан соң Ташкентте бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. "Өзбекғарыш" Қазақстанның су ресурстарын ғарыштан бақылау тәжірибесін үйреніп, оны Өзбекстанға енгізетін болды.