Ссылки доступа

Тәжікстан үкіметі астық сатып алуға 50 миллион сомони несие бөлді


Тәжікстан үкіметі астық сатып алуға, сақтауға 50 миллион сомони (4,7 миллион доллар) несие бөлді.

Үкімет шешімі 24 тамызда мақұлданған. Азаттықтың Тәжік қызметі құжатпен 3 қыркүйекте танысып шықты.

Үкімет жарлығына сәйкес, Экономиканы дамыту жөніндегі тұрақтандыру қорынан алынған 50 миллион сомони үкіметке қарасты Материалдық ресурстар агенттігіне беріледі.

Мекеме қаражатты "республиканың астыққа сұранысын" өтеуге жұмсайды. Несие агенттікке бір жылға бөлінді.

Тәжікстан астық пен ұнды негізінен шетелден, көбіне Қазақстаннан сатып алады.

Ресми статистикаға сәйкес, биыл жарты жылда Тәжікстан шамамен 464 мың тонна астық алған. Астық импорты былтырмен салыстырғанда 10 пайызға артқан.

Тәжікстан тұрғындары жыл сайын бір жарым миллион тонна ұн тұтынады. Билік елде осынша астық өндіретін егістік жоғын айтып отыр. Билікті сынаушылар осы салада нақты стратегия қабылданбағанын алға тартады.

XS
SM
MD
LG