Ссылки доступа

"Әділет": Қырғыз үкіметінің жалған ақпарат үшін айыппұл салуды көздейтін заңы цензураға әкеп соқтырады


"Әділет" заң клиникасының заңгерлері Қырғызстан мәдениет министрлігінің БАҚ пен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны айыппұл салуды көздейтін заң жобасымен танысып, құжат ел конституциясына, заңнамаларына қайшы екенін анықтады.

"Әділет" заңгерлері заң жобасындағы ережелер азаматтардың өз пікірін еркін айту құқығын шектейді деп есептейді. Бұған қоса, сарапшылар мұндай құжат азаматтардың сөз еркіндігі конституциялық құқығын шектеуге әкеп соқтырады деп қауіптенеді.

Себебі құзырлы мемлекеттік органдар осы заңды БАҚ пен Интернет желісіне цензура орнатуға пайдалануы мүмкін. Заң жобасына сәйкес, мәліметтің қаншалықты рас екенін мемлекеттік органның өкілі анықтайды. Ал шенеунік қызмет бабын асыра пайдалануы ғажап емес.

Мәдениет министрлігі жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салуды көздейтін заң жобасын қоғам талқысына тамыздың аяғында ұсынған. Заң ережесін бұзғандар жеке тұлғаларға 100 мың сом, заңды тұлғаларға 200 мың сом айыппұл салынуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG