Ссылки доступа

Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба қызметтен кетті


Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Жоғарғы радаға қызметтен кету жөнінде арыз өткізді.

Бұл туралы "РБК Украина" украин парламентінің спиукері Руслан Стефанчуктың фейсбуктегі жазбасына сүйене отырып хабарлады. Кулебаның арызы алдағы отырыстардың бірінде талқыланады.

Мәліметтерге қарағанда, Кулебаның орнына оның бірінші орынбасары Андрей Сибига келуі мүмкін.

Кулебаның әзі қызметтен не себепті кеткені туралы ешқандай мәлімдеме жасамады. Ол Украина сыртқы істер министрі қызметіне 2020 жылы наурызда кіріскен.

Осының алдында үш министр парламентке қызметтен кету жөнінде арыз өткізген. Өтініштер 4 қыркүйекте мақұлдануы мүмкін.

Украина президенті Владимир Зеленский 27 тамыздағы баспасөз конференциясында премьер-министр Денис Шмыгальмен үкіметтегі ауыс-түйісті талқылап жатқанын айтқан. Осының алдында Украинадағы ақпарат құралдарының кейбірі президенит премьер-министрді алмастыруы мүмкін деп жазған.

Денис Шмыгаль Украина үкіметін төрт жарым жылдан астам уақыт басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG