Ссылки доступа

Қырғызстанда 1 қазаннан бастап зейнетақы көбейеді


29 тамызда Қырғызстанның министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров 2024 жылдың 1 қазанынан бастап ел азаматтарының зейнетақысын индексациялау жөніндегі қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, 1 қазаннан бастап зейнетақы 18%, бірақ 1000 сомнан кем емес сомаға көбейеді.

Бұдан бөлек Әлеуметтік қорға ең аз зейнетақыны 6900 сомға дейін жеткізу тапсырылды.

Зейнетақының көбейетінін президент Садыр Жапаров мамыр айының соңында айтып, 1 қазаннан бастап зейнетақы 6800 сомнан кем емес болады деген.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қырғызстанда 2024 жылдың екінші ширегінде төменгі күнкөріс 7 мың 827 сомды құрайды.

XS
SM
MD
LG