Сыртқы істер министрлігінің қырғызстандықтарға осындай кеңес беруіне Ресей мемлекеттік шекарасындағы бекеттерде шетел азаматтарын тексерудің күшейтілуі себеп болған. Министрлік шектеулер жойылғанша Ресейге барудан бас тарта тұру керек деп есептейді.
Қырғызстан СІМ биыл мамыр айының басында да азаматтарды Ресейге себепсіз бармауға шақырған. Сол кезде де министрлік үндеуіне шекарадағы қосымша шектеулер негіз болған.
Биыл наурыздың аяғында "Крокус Сити Холл" концерт залына шабуыл жасалғаннан кейін Ресейдің мемлекеттік шекарасында Орталық Азия елдерінен келушілерді жіті тексере бастаған. Ресей құқық қорғау органдары теракт жасады деген айыппен бірнеше күдіктіні ұстаған. Олардың дені - Тәжікстан азаматы.