Ссылки доступа

Тәжікстанның солтүстігінде баласын сатпақ болған әйел ұсталды


Соғды облысы Ашты ауданында жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды.

ІІМ мәліметінше, 34 жастағы Мукаддас Мададова бір айлық сәбиін 15 мың сомониға (1400 доллар шамасында) сатпақ болған жерінде ұсталған.

Дереккөздің айтуынша, әйел төрт рет тұрмыста болған. Бес бала тәрбиелеп отыр. Оның бір баласын асырауға берген. Екі баласын интернатқа өткізген. Кіші қызын өзі тәрбиелеп отыр. Бесінші баласын көтерген кезде, ер адам одан бас тартқан. Әйел баланы сатуды шешкен.

Бұл оқиға бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG