Ссылки доступа

Өзбекстанда экс-министрге қатысты сот отырысы басталды


Ташкент қаласының Мирабад аудандық соты 5 қыркүйекте ауыл шаруашылығы министрі болған Азиз Воитов пен аталған министрлік жанындағы қызмет көрсету агенттігінің төрағасы болған Хуснуддин Каримовқа қатысты сот ісі басталды.

Айыпталушылар қатарында тағы 50 адам бар. Олардың 29-ы қамауда отыр, қалған 21-і ешқайда кетпеу жөнінде тілхатпен босап шыққан.

Айыпталушыларға мемлекет мүлкін талан-таражға салды, алаяқтық, салықтан қашу, қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу секілді баптар бойынша айыптар тағылған.

Ауыл шаруашылығы министрі болған Азиз Воитов 2023 жылдың желтоқсан айында ұсталған. Ол 2022 жылдың тамыз айынан 2023 жылдың қазан айына дейін министр қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG