Ссылки доступа

Тәжікстанда азаматтарды шетелге жұмысқа жіберем деп алдаған компания басшысы ұсталды

Тәжікстан сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі азаматтарды Ұлыбританияға жұмысқа орналастырам деп алдаған жекеменшік фирманың директоры ұсталғанын хабарлады. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Агенттік мәліметінше, Душанбе қаласында "Арса" компаниясының бас директоры қызметін атқарған Одилов К. азаматтардан еңбек миграциясы үшін 25 мың сомони алып отырған. Алайда компанияның Ұлыбританиямен жұмысқа қабылдау жөнінде ешқандай келісім-шарты болмаған.

Күдікті азаматтарды алдау арқылы "550 000 сомони (51000 доллар) жинаған".

Тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің осы іске қатысты көзқарасын білу мүмкін болмады.

Тәжікстан азаматтарының дені көбіне Ресейде жұмыс істейді. Алайда ол елде көші-қон заңдары күшеюіне байланысты, еңбек мигранттары басқа да елдерден жұмыс іздеуге мәжбүр болды.

Осының алдында азаматтардан шетелге жұмысқа жіберем деген желеумен ақша алған "Даври Истиклол" компаниясының басшысы Иброхим Ахмадов ұсталған.

XS
SM
MD
LG