Ссылки доступа

Өзбекстанда аудандық милицияны ағайынды жігіттерді азаптады деп айыптады


Жәмшид (сол жақта) пен Баймұрад Якубовтар.
Жәмшид (сол жақта) пен Баймұрад Якубовтар.

Өзбекстанның Сұрқандария облысында орналасқан таулы ауылда фитнес-зал ұйым ұйымдастырып, жастарды күреске, атқа мінуге үйреткен ағайынды екі жігіттің айтуынша, оларды Денау аудандық милициясында азаптаған.

Биыл шілде айында болған осы оқиғадан кейін ағайынды жігіттердің бірі төсектен тұра алмай қалған. Милиция екі азаматты азаптады деген айыпты жоққа шығарып отыр.

Баймұрад Якубов көкпардан биылға маусымға дайындалып жүрген. Енді ол төсектен тұра алмай қалды. 29 жастағы палуанды ауылдағылар "Бойка" деп атайды.

Ол ауданға ғана емес, бүкіл Сұрқандария облысына танымал көкпаршы.

Баймұрад Якубовтың айтуынша, биыл 17 шілдеде оны ішкі істер органдарының қызметкерлері үйінен алып кетіп, Денау аудандық милиция бөлімінде аяусыз ұрған.

"Олар мені бір жарым сағат бойы ұрды. Содан кейін ағам мені қорғамақ болып, денесімен мені жапты. Олар ағамның басын қабырғаға тақап, ұра бастады. Электрошокерді басыма тақап, мені тағы ұрды. Ешқандай сұрақ қоймады, себепсіз ұра берді. Ағам болмағанда, олар мені ұрып өлтірер еді" дейді Баймұрад Якубов.

Оның айтуынша, ертесіне аудандық милиция бөлімінде өткен сотта ағайынды екі жігітті жеті тәулікке қамалған. Үкім көшірмесін ешкім көрмеген.

Ағайынды Якубовтарды ауыр жағдайды темір торға тастаған.

Олардың айтуынша, жергілікті дәрігерлер олардың жарақатын құжаттамай отыр, себебі оларды аудандық милицияда ұрған.

XS
SM
MD
LG