Уланған балалардың, соның ішінде жансақтау бөліміндегі екі баланың да жағдайы тәуір. Дәрігерлер екеуін де жалпы бөлімге ауыстырады.
"Медициналық көмекке жүгінген балалардың бәріне жәрдем көрсетіліп жатыр. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді". деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен, елдегі барлық мектептің асханалары бір ай ішінде тексеріледі.
"№ 8 мектепте [Мұнайлы ауылы Бесшоқы ауылы] тергеу жүріп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады".
6 қыркүйекте кешке осы мектепте оқитын 21 оқушының ата-анасы жедел жәрдем шақыртқан. Балалардың ыстығы көтеріліп, іші өткен. Жексенбі күні ауруханада ондаған бала жатқаны хабарланған.