Президент жарлығында мораторий 2024-2026 жылдарға енгізілгені, мұндай шешім мемлекет қаражатын үнемдеу мақсатында қабылданғаны айтылған.
Бұған қоса, президент осы жарлығымен мемлекеттік мекемелерде қызметкерлер санын арттыруға да тыйым салды. Шектеуді мемлекет басшысы алып тастай алады. Құжат ресми баспасөзде жарияланғаннан жеті күннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, Қырғызстанда биыл қаңтар-шілде айларында орташа айлық 35 298 сом болған.