Басқарма мәліметінше, алаяқтар арзан бағаға пәтер жалға береміз деп әлеуметтік желілерге жарнама жасап жатыр.
"Егер сіздер қызығушылық білдірсеңіздер, алаяқтар алдын ала ақшаны жіберуді сұрайды. Назар аударыңыздар! Барлық алаяқтар банк есеп шотына келісілген ақшаны жіберуді сұрайды. Ақшаны аударған соң, пәтерді де көрмейсіздер, ақшаны да қайтарып ала алмайсыздар", — делінген ескертуде.