Ссылки доступа

Қырғызстанда балаларын қамқоршысыз қалдырып кеткен еңбек мигранттарына айыппұл салу ұсынылды


Қырғызстанның еңбек және әлеуметтік даму министрлігі Құқық бұзушылық жөніндегі Кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын қоғам талқысына шығарды.

Оған сәйкес, балаларын қамқоршысыз қалдырып кеткен еңбек мигранттарына айыппұл салу қарастырылған.

Заңды бұзғандарға 15 мың сомға дейін айыппұл салуды көздейді.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы есеп бойынша Қырғызстанда 84 мың 542 еңбек мигранттарының баласы бар. Олардың 42 648 мыңын қамқоршы мәртебесін рәсімдемей, туыстарына қалдырып кеткен.

"Мұндай балаларға психологиялық көмек керек. Бұдан бөлек еңбек мигранттарының балаларын қара жұмысқа тарту оқиғасы жиі кездеседі. Олар мектепке де бармаған, мемлекеттен көмек те алмаған", - делінген құжатта.

XS
SM
MD
LG