"Жақсы жаңалықты жеткізгім келеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойыны отанына қайта оралады. Жарыс Қырғызстанда 2026 жылы өтеді" деді министр.
Ол Қырғызстан құрамасы Қазақстандағы жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты.
Осының алдында көшпенділер ойыны 2026 жылы Өзбекстанда өтеді деп хабарланған. Шешімнің неге өзгергенін министр түсіндірмеді.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 8 қыркүйекте Астана қаласында ашылды. Оған әлемнің 90 елінен 2,5 мыңға жуық спортшы келді. Олар спорттың 21 түрінен жарысады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу идеясы Қырғызстанға тиесілі. Көшпенділер ойыны үш мәрте Қырғызстанда, бір мәрте Түркияда ұйымдастырылған.