Ссылки доступа

Тәжікстан азаматтарын Ресейге бармай тұруға шақырды


Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі 9 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде Ресейдегі азаматтарына аса мұқият болуға шақырды. Бұдан бөлек Ресейге баруды жоспарлап отырғандарға, бармай тұруға шақырды.

Мәлімдеме елшіліктің Facebook парақшасына жарияланды. Соңғы айларда Ресейге кіруге тыйым салынған және бұл елден депортацияланып жатқан тәжікстандықтар саны күрт өсіп жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, соңғы алты айда Ресейден 17 мың тәжік азаматы шығарылды.

5 қыркүйекте Қырғызстан да азаматтарын Ресейге бармай тұруға шақырған.

XS
SM
MD
LG