Ссылки доступа

Тәжікстан билігі азаматтарға Беларусьқа бармауға кеңес берді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Тәжікстан билігі азаматтарға Беларусьқа әзірге бармауға кеңес берді.

Тәжікстанның Минск қаласындағы елшілігінің 10 қыркүйекте хабарлауынша, Беларусь шекара бекеттерінде бақылау күшейтілген, сол себепті азаматтарға осы елге әзірге бармауға кеңес берілді.

10 қыркүйекте Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі де азаматтардан осы елге әзірге келмей тұруды сұраған. Тәжік елшіліктері осы мәселеге қатысты толық ақпарат бермеді, бірақ кейінгі бірнеше айда Ресей мыңдаған тәжік азаматын елге кіргізбегені немесе депортациялағаны мәлім. Беларусь Ресейдің басты одақтасы.

Тәжікстан мен Беларусь қалалары арасында тікелей әуе рейсі жоқ. Тәжікстан азаматтары кейінгі жылдары Беларусьты Еуропаға өту үшін пайдаланып келген.

XS
SM
MD
LG