Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары үкіметтің жаңа оқу кестесін сынады


Жогорку Кеңештегі депутаттардың бірқатары 11 қыркүйектегі отырыста үкіметтің жаңа оқу кестесін сынады.

Депутат Дастан Бекешевтің айтуынша, үкіметтің студенттер үшін оқуды сағат 10-да бастау жөніндегі шешімі астана көшелеріндегі жағдайды одан бетер қиындатып жіберді.

"Екінші ауысымдағылар кешкі 8-9-ға дейін оқиды. Сонда сіздер жол тығынын тағы үш сағатқа созып жатсыздар ма? Мұндай шешімнің мәнін түсіну қиын. Студенттерді қинауды қояйық. Шешімнен бас тарту қажет. Ешкім кешкі сегізге дейін оқығысы келмейді" дейді депутат.

Парламент спикері Нұрланбек Шәкиев те Бекешевті қолдады. Ол азаматтардан шағым көп түсіп жатқанын айтты.

Үкімет Бішкектегі мектептер мен университеттердегі оқу кестесін биыл шілденің аяғында өзгерткен. Үкімет шешіміне сәйкес, астана мектептеріндегі оқу сағат 8-де, кәсіби білім беру мекемелерінде оқу сағат 10-да басталады.

XS
SM
MD
LG