Ссылки доступа

"Вагнер" қатарында соғысқан өзбекстандық сотталды


21 тамызда Ташкенттің Мирзо-Улугбек аудандық соты "Вагнер" жеке әскери компаниясында жұмыс істеген 48 жастағы өзбекстандық Б.З. атты азаматты 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеу ісіне қарағанда, ол 2022 жылы Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Онда наубайшы болып жұмыс істеген. Бірақ көп өтпей Telegram-каналы арқылы "Вагнер" жеке әскери компаниясына жұмысқа шақырған жарнаманы көреді. Онда соғыс әрекеттеріне қатысса, 240 мың рубль айлық, сонымен бірге 21 күндік жаттығу үшін 45 мың рубль уәде берген.

Ол 2023 жылдың маусым айында Евгений Пригожиннің дүрбелеңіне байланысты дайындықтарға және шараларға қатысқан. Кейін олар Беларусьқа өтіп, ол жерде 2023 жылдың қыркүйегіне дейін болып, кейін Ташкентке қайтып кеткен.

Сот оның кінәсін мойнына алғанын, өкінгенін және кәмелетке толмаған баласы, мүгедектігі бар әйелі барын ескеріп, жазаны жұмсартқан.

XS
SM
MD
LG