Мекеме мәліметінше, "Қарасу" кеден бекеті 3 га жерді алып жатыр. Мұндай ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Енді осы бекет арқылы бір тәулікте 12 мыңнан аса азамат өте алады.
Бекетте кеден қызметін тез көрсетуге барлық жағдай жасалған.
"Қырғызстанның Ош облысынан Жалал-Абад облысына өту үшін бұрын 120 шақырымды еңсеру қажет болса, қазір 101 шақырымға дейін қысқарды. Қырғызстан азаматтары Өзбекстан аумағы арқылы 19 шақырым транзитте жүріп өтеді".
Өзбек-қырғыз шекарасында 15 бекет жұмыс істеген, солардың көбісін Өзбекстан билігі 2005 жылы Қырғызстандағы тәртіпсіздіктен кейін жабылған.
"Қарасу" бекеті 2010 жылы Ош оқиғасынан кейін құлыпталған.
Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов қайтыс болып, 2016 жылы билікке Шавкат Мирзияев келген соң, Ташкент пен Бішкек қарым-қатынасы жақсарды. Содан бері бірнеше жабық шекара бекеті қайта жұмыс істей бастады.