Аталған федерацияға бөлінген қаражаттан суда жүзу бойынша құрама командаға кірмеген 15 адам Түркияға демалуға жіберілгені, оның ішінде федерация бас хатшысының отбасы мүшелері болғаны айтылды. Бұл сапарға 405 миллион сум (39 мың долларға жуық) жұмсалған.
Қосымша оқу-жаттығу өткізілді деген жалған құжаттармен 458 миллион сум ұрланған.
Бұдан бөлек демеушілер тарапынан халықаралық жарыстарға бөлінген 1 миллиард 200 миллион сум жымқырылған.
Қәзір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
2022 жылы Gazeta.uz Суда жүзу федерациясындағы 1 миллиард сумнан астам ұрлық жайлы жазған.