Ол өзі қазір Өзбекстанда іссапарда екенін айтып, тінту көмекшісіне қатысты жүргізілгенін жеткізді.
"Менің жұмыс бөлмеме кіріпті. Көмекшімнің жеке істері бар екен. Осыған байланысты ұстап әкетті деген мәлімет алдым. Менің түсінгенім құжат жасауға байланысты деді. Бұрын 6 шақырылымда бұл жігіт жүргізуші болған. 7 шақырылымда көмекші етіп алғам. Бұл хабарды естіп, өзім таңқалып қалдым", - деген депутат.
Бірқатар ақпарат құралдары күш органдары депутаттың екі көмекшісін бірдей ұстап әкеткенін жазды.
Жогорку Кеңеш депутаты, "Альянс" фракциясының төрағасы Жанарбек Ақаев бұл мәселе Молдобековаға тиісті емес екенін парламент отырысында білдірген.