Келісімге сәйкес, шикі мұнай "Хайратон" ауған терминалынан Өзбекстанға темір жол вагондарымен жеткізіледі, деп хабарлады S&P Global Commodity Insights дереккөзі. Жүктің алғашқы партиясы баяғыда жолданған. Дереккөздің айтуынша, Өзбекстан 100 мың тонна шикі мұнай алады, алайда шикізаттың нақты көлемі әлі толық анықталмаған.
Жанармай тапшылығын көріп жатқан Ауғанстанда "Талибан" үкіметі өндірісті қайта қалпына келтіруге ұмтылып жатыр.
Мұнайды Өзбекстанда өңдеу жөніндегі келіссөздер жүріп жатқанына бірнеше ай болған. Мұнай Ауғанстанның солтүстігінде өндіріледі.
Ауғанстан бұған дейін елдің солтүстігінде Әмудария бассейнінде шағын көлемде мұнай өндірумен айналысқан, бірақ оны өңдейтін қуаты болмаған. Сол себепті бұл ел энергетика саласында көрші Түркіменстан, Иран және Қырғызстанға тәуелді.
Баспасөз мәліметінше, тәліптер өндірісті 2022 жылдың көктемінен бері қалпына келтіруге тырысып жатыр. 2023 жылы Батыс Шыңжаңда орналасқан Central Asia Petroleum and Gas Co. "Талибан" үкіметімен ірі мұнай келісіміне отырып, 2026 жылға дейін 540 миллион доллар инвестиция салуға уәде берген.
Ауған шикізатын Өзбекстанда Ферғана мұнай өңдеуі зауыты ғана өңдеуі мүмкін, дейді дереккөз.
"Saneg" ауған мұнайына қатысты мәліметті растаудан бас тартты.